Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында өтіп жатқан республикалық челленджін қолдау мақсатында мектебіміздің даярлық класс түлектері мен 11 класс түлектері өз үлестерін қосты.
Республикалық іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, оқушыларды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақыру біздің міндетіміз.
Көшет отырғызу барысында мектеп бітіруші түлектер кішкентай балапандарға көрсетіп, оларды күтіп, баптау керектігін айтты.
Бұл тек қоғамдық жұмыс қана емес, сонымен қоса өз мектебін көгалдандыруға қосқан үлесі.
@mugalzhar_bilim_bolimi
