Skip to content

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ТІС ЕМДЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Қандыағаш қалалық №3…

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ТІС ЕМДЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясының 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында Қандыағаш қаласындағы “Аяла” тіс емдеу орталығының жұмысымен танысты.

Кездесу барысында тіс емдеу орталығының директоры Мирас Кенжебаев оқушыларға тіс емдеу орталығы туралы қысқаша мәліметтер беріп өтті.

Кездесуде оқушылар тіс дәрігерінің жұмыс үрдісін көрді. Стоматологиядағы құрал-жабдықтармен танысты. Дәрігер тіс күтімінің адам өміріндегі маңызы туралы айтып, оқушыларға ауыз қуысының тазалығын дұрыс сақтау жолдарын түсіндірді. Оқушылар тісті күту ережелерімен танысып, күнделікті қолдануға болатын пайдалы кеңестер алды
Кәсіптік бағдар беруші педагогі А.Әбентаева

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *