Skip to content

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫНА ҚАТЫСТЫ Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен,…

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫНА ҚАТЫСТЫ

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен, Мұғалжар аудандық тарихи-өлкетану музейінің қолдауымен «Қазақ даласындағы қыш құмыра жасау кәсібі» атты жылжымалы көрме және шеберлік сағаты өтті.

Аталған іс-шараға Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясының 2 «Б» және 3 «Г» класс оқушылары қатысты.

ҚР Қолөнершілер одағының мүшесі, қыш шебері Орынбасар Төлегенов оқушыларға қыш құмыра жасаудың қыр-сырын таныстырып, саз балшықтан бұйым жасаудың тәсілдерін көрсетті.

Шеберлік сағаты барысында оқушылар көне кәсіптің мән-маңызын біліп, қазақ даласында қыш құмыра жасау дәстүрінің қалыптасу тарихымен танысты.

Іс-шараның мақсаты – ұлттық қолөнер дәстүрін жаңғырту, тарихи-мәдени мұраларды насихаттау және оқушылардың шығармашылық қызығушылығын арттыру болып табылады.
Сынып жетекшілері: Абдирахман . А.К Смағулова . Г. М
Кәсіби бағдар беруші педагог А. С Әбентаева

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *