Skip to content

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АҚ ЖАУЛЫҚТЫ ӘЖЕЛЕРДІҢ АҚЫЛ-КЕҢЕСТЕРІН ТЫҢДАДЫ Қандыағаш қаласының №3…

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АҚ ЖАУЛЫҚТЫ ӘЖЕЛЕРДІҢ АҚЫЛ-КЕҢЕСТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясы 2025-2026 оқу жылының бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес 8-11 сынып оқушыларына (қыз балалар) Мұғалжар аудандық белсенді өмір сүру орталығына саяхат-сабағы ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – орталықтың жұмысымен танысу, саналы ғұмырын білім, теміржол және өзге де маңызды салаларға арнаған аға буынның өмірлік тәжірибелерін, даналықтарын және белсенді өмірлік ұстанымдарын оқушыларға дәріптеу. Осындай іс-шараларға оқушыларды тарту, олардың бойындағы адами қасиеттерді, құндылықтарды сақтау әрі дамыту болып табылады.

Кездесу барысында орталыққа келетін зейнеткерлер оқушыларға ұлттық құндылықтарды сақтауды, дәстүрлерді құрметтеуді және өздерінің еңбек жолындағы мамандықтары бойынша бағыт бағдарларын айтып, ақыл-кеңестерін берді.

Сонымен қатар кездесуде ардақты әжелер қыз тәрбиесінің тәлімді болуына тек ата-ана ғана емес, ел-жұрт жауапты екенін жеткізді. Ұлттың сақталуына үлескер болатын қыздың қоғамдағы рөлі туралы түсіндіріп, оқушы қыз балалардың толғандырған сауалдарына жауап берді.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы 2024 жылы іске қосылды. Содан бері қарттар үшін қалтқысыз қызмет етіп келеді. Мұнда скандинавиялық серуендеу, йога, би, емдік дене шынықтыру сабақтары өткізіледі, сонымен қатар шахмат, домино және тоғызқұмалақ ойнауға болады.

Кездесу соңында мектеп тарапынан орталыққа естелік сыйлықпен Алғыс хат табысталды.

Қосымша білім беру педагогі: А.Ильясова
Кәсіби бағдар беруші педагог А.Әбентаева

@mugaljar_aydanynyn_akimdigi
@mugalzhar_bilim_bolimi
@adal_azamat_aqtobe
@birtutas_tarbie2024
@bahraman_quanyshuly
@danaibrasheva

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *