Мектебіміздің тарих пәні аудандық семинарда іс-тәжірибесімен бөлісті 2025 жылдың 28 қарашасында №3 мектеп-гимназия базасында өткен «Заманауи білім беру: трендте болатын технологиялар» аудандық семинар–практикумында мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Тлесова Гульмира Адильтайқызы өз іс-тәжірибесімен бөлісті. 7 «Б» сыныбында «1836–1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы көтеріліс» тақырыбындағы ашық сабақта интерактив әдістер, заманауи цифрлық технологиялар және жасанды интеллект шебер қолданылды. Сабақ барысында мына әдістер пайдаланылды:
“Сан қырлы пирамида”
“Мағыналы детектив”
“Комикс құрау”
ПТМС формуласы.
Бекіту тапсырмасына “Тарихи сандық”
Рефлексия: “Асықтар”
Бағалау форматы ретінде “Жебелер” әдісі қолданылды.
✨ Сабақ әріптестер тарапынан жоғары бағаланды, мұғаліміміздің шеберлігі мен шығармашылығы ерекше назарға ілінді.
📸 Ашық сабақтан Жарқын сәттерді назарларыңызға ұсынамыз!
