Мектебіміздің 6 сынып оқушыларына құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамдық тәртіп сақшыларының жұмысымен таныстыру мақсатында полиция бөлімшесіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Оқушылар бөлімше құрылымымен, полиция қызметкерлерінің міндеттерімен танысып, қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат алды.
Экскурсия барысында балаларға қызметтік көліктер мен арнайы құралдар көрсетіліп, сұрақтарына жауап берілді.
Бұл экскурсия– жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, тәртіп пен заңды құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталған.
Ұйымдастырушылар: А.Д.Амангелді, А.Б.Сағындық
@mugalzhar_bilim_bolimi
@polisia_mugaljar
@bahraman_quanyshuly
@danaibrasheva
