Skip to content

Мектебімізде 9 қазан күні “Жас құтқарушылар “сыныбы “Құтқару-ардың ісі”тақырыбында кездесу…

Мектебімізде 9 қазан күні “Жас құтқарушылар “сыныбы “Құтқару-ардың ісі”тақырыбында кездесу кешін өткізді.Кездесуге Мұғалжар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Рятов М.А.,ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау капитаны Сегизбаева Ж.Қ., аталмыш мекеме қызметкерлері,8-өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты,ІІІ дәрежелі “Айбын” ордені иегері Тажигулов Н.Т. және мектеп түлегі ,”Жыл адамы-2018” ,ҚР “Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін”төсбелгісінің иегері Нажмадинов Н.Қ. қатысты.Батырлар оқиғасын тыңдай отырып,оқушылар қонақтарға “Ақылды үй”және “Арудино платформасының көмегімен өрт сөндіру жүйесін ұйымдастыру”ғылыми жобаларын ұсынды.

Жарақат,ес жоғалту,күйген кездегі алғашқы медициналық көмек көрсетілімін жасады.Кездесудің өмірлік,тәрбиелік құндылықтары жоғары болды.

Сынып жетекші Жанекешова Б.А.

@mugalzhar_bilim_bolimi
@bahraman_quanyshuly
@danaibrasheva

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *