ҚЫЗЫЛША—АУА-ТАМШЫ ЖОЛЫМЕН БЕРІЛЕТІН ЖҰҚПАЛЫ АУРУ…
Ағымдағы жылдың 26 қазан күні «Қандыағаш қаласының #3 мектеп-гимназиясы» КММ-да Мұғалжар ауданының әкімінің орынбасары Мұқанов Сансызбай Қалмырзаұлы, Мұғалжар аудандық ауруханасы дәрігер-эпидемиолог
Мұса Жансая Бақытжанқызы, Мұғалжар аудандық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Муратов Ерлан Буркитұлы, Мұғалжар аудандық ауруханасының дәрігері Достанова Мария Минбайқызы, Мұғалжар аудандық ауруханасының балалар дәрігері Еркинова Зоя Бегалиқызының қатысуымен «Қызылша—ауа-тамшы жолымен берілетін жұқпалы ауру» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Дәрігерлер қызылша ауруының белгілерін, қаупін, алдын алу жолдарын айтып, қызылшаға қарсы екпе алудың маңыздылығы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар жауабын берді.
@mugalzhar_bilim_bolimi
