Skip to content

🍁КҮЗГІ КАНИКУЛ🍁 Күзгі каникул кезіндегі іс- шаралар жоспарына сәйкес “Біртұтас…

🍁КҮЗГІ КАНИКУЛ🍁

Күзгі каникул кезіндегі іс- шаралар жоспарына сәйкес “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” негізінде 2 қараша күні “Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал” тақырыбында “Белес”, “Сәт” сауда орталығының басшысы Каналина Эльмира Биримжановна, “Мөлдір” әсемдік салонының иесі Кенжебаева Гульсара Кенесбаевна, “Мұғалжар гуманитарлық-техникалық колледжінің” атқарушы директоры Ниязова Ильяш Еркінқызы, “Judo kids” спорт клубының иесі, бапкер Сағи Гүлмира Қойшыбайқызының қатысуымен кездесу өткізілді.
Мақсаты: мамандық таңдау кезінде оқушыларға бағыт- бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. Адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру.
Кездесу барысында қонақтарымыз өз мамандықтары жайлы сөз алып, кәсіптерінің қыр-сырымен бөлісті. Оқушыларымыз көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.Мазмұнды әрі қызықты өткен кездесу соңында қонақтарға естелік сыйлықтар табысталып, «Тілектер кітабына» қолтаңбалары мен тілектері қалдырылды.
Өткізген: 9-11класс жетекшілері
#КүзгіканикулАқтөбе2023
#БіртұтастәрбиеАқтөбе2023

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *