Skip to content

📢 Құрметті оқырмандар! Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың…

📢 Құрметті оқырмандар!

Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен Есет батыр Көкіұлы атындағы 20982 әскери бөлімі катерлерлермен жабдықталды. Бөлімнің жеке құрамы берілген заманауи техникамен (катерлер) Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, Ақтөбе қаласындағы суға түсу орындарында рейдтік іс-шаралар жүргізу арқылы патрульдік қызмет атқарып, су айдындарында қауіпсіздікті қадағалауда. 🚤👮‍♂️

🫡Сонмен қатар Төтенше жағдайлар министірлігі мен жергілікті атқарушы органдарға біздің бөлімге заманауи техникамен жабдықтауға көмек көрсеткендері үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.

Қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында, тұрғындарды және қала қонақтақтарын суда аса сақ болуға шақырамыз. Балаларды қараусыз қалдыруға болмайды. Рұқсат етілген жерлерде шомылу керек.

Патрульдік жұмыстың басты мақсаты – халықты ақпараттандыру және су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескерту. Біз сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз ету үшін әрдайым дайынбыз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *