Құрметті оқушылар мен ата-аналар!
3-тоқсанның басталуымен, мектебіміздің сынып жетекшілері, мектеп әкімшілігі мен өзін-өзі басқару ұйымы таңертеңгі аусымға келген оқушыларымызды жылы қарсы алды! 🎒📚
Бүгінгі күні жаңа білім мен жетістіктерге қадам басқан әрбір оқушының жетістігі үшін қолдауды одан әрі күшейтетін боламыз. Сіздерге сәттілік, табандылық және жақсы нәтижелер тілейміз! 🌟
Мектебімізде әрқашан жаңа идеялар мен бастамаларға ашықпыз, сондықтан алда үлкен жетістіктер күтіп тұр!
#ЖаңаТоқсан #МектепӨмірі #ОқушыларғаҚолдау #ТаңертеңгіҚарсыАлу
