Skip to content

Құқықбұзушылықтың алдын алу. Тәртіпті өзіңнен баста! АББ-нің 2025 жылғы қатынас…

Құқықбұзушылықтың алдын алу.
Тәртіпті өзіңнен баста!
АББ-нің 2025 жылғы қатынас хаты негізінде жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында "Тәртіпті өзіңнен баста!" акциясы жалғасын табуда.
"Тәртіпке бағынған құл болмайды",-деген Бауыржан Момышұлы. Қашанда мектепішілік ережеге бағынып, өзін ортада жақсы, тәртіпті ұстау әр оқушының міндеті.
Осы тақырып төңірегінде 6 класс оқушыларымен диалог алаңын құрдық. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді. Және өз ойларын қағазға түсірді.
"Әдепсіз өскен адамнан,
Тәртіппен өскен тал артық" деген халық даналығы. Әр оқушының тәртіппен өсіп-толуына бағыт беру біздің міндетіміз!
Ұйымдастырушылар: тәлімгерлер Толекова Л, Кушербаева А және кітапхана қызметкері Транова Г.
@mugalzhar_bilim_bolimi
#тәртіптіөзіңненбаста

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *