Skip to content

📌 Көшпелі тәжірибелік семинар өтті! 2025 жылдың 11 маусым күні…

📌 Көшпелі тәжірибелік семинар өтті!

2025 жылдың 11 маусым күні Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласындағы №3 мектеп-гимназиясы базасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институты мен аталған білім ошағының бірлесуімен «Сапа мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктері – трендтегі жобалар» тақырыбында көшпелі тәжірибелік семинар ұйымдастырылды.

🔎 Семинар мақсаты – трендтегі жобалар арқылы білім беру сапасын арттыру жолдарын айқындау.

🎯 Міндеттері:
• Жобаларды сапаны көтеру құралы ретінде енгізу;
• Тәжірибелік негізде тиімді тәсілдерді анықтау;
• Сапа мәдениетін қалыптастыру тетіктерін зерделеу;
• Мектептің ресурстық мүмкіндіктерін оңтайлы пайдалану.

📍 Семинар офлайн форматта өтті, қатысушылар мектептің озық жобаларымен танысып, тәжірибе алмасты.

🗣 Семинар барысы:
• Ашылу сөзін т.ғ.м. Изтлеуова Ақмарал Ақтамбайқызы жасады.
• Психологиялық сергіту тренингтерін педагог-психологтар жүргізді.
• Пленарлық бөлімде мектеп басшылығы мен тәжірибелі педагогтер сапаға бағытталған жобаларды таныстырды.

💡 Трендтегі жобалар:
• «Бала тілі – бал» – бастауыш буындағы тілдік дамыту жобасы;
• «Қазақ әдебиеті және медиа» – пән мен медианы кіріктіру;
• «Жасыл мектеп» – экологиялық тәрбие жобасы;
• «Жас сарбаз» және «Адал өрен» – жасөспірімдерге патриоттық тәрбие беру;
• «Тары FEST» – ұлттық құндылықтарды насихаттайтын тәрбие жобасы.

🧩 Практикалық бөлім мен кейс-сессия арқылы қатысушылар мектептің дамуына ықпал ететін тиімді өзгерістерді бірге талқылады.

🔚 Семинар қорытындысында қатысушылар оң пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.

🔗 Білім сапасын арттыру – әріптестік пен тәжірибе алмасудан басталады!

@aqtobe_bilim_basqarmasy
@orleu_aqtobe

#ӨрлеуАқтөбе #КәсібиДаму #СапаМәдениеті #БілімБерудегіЖаңашылдық #ТрендтегіЖобалар #Қандыағаш3мектеп #ПедагогикалықӨсу

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *