“Кітап дегеніміз -алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ойлаудан да тыйылар едік”,-дейді заңғар жазушы Ғабит Мүсірепов.
Әлбетте , кітапты таңдай білу, оны зейінді зеректілікпен мұқият талдап оқи білу,ондағы сөздің ,ойдың, түйінді тұжырымның құдіретін түсіну мен түйсіну-әрбір адамның пайымы мен парасатын , кемел кісілігін ұдайы шынықтыра білудің озық та ұтқыр жолдарын айқындай алатын алғы шарттарының бірі.
“Мен оқыған бір кітап” жобасының аясында 7”Б” сынып оқушылары Аққайыр Айша мен Байменова Жангулім белсенділік танытып, өздерінің сүйікті кітаптары туралы ой бөлісуде. Бұл бастама әрбір оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытып, білімге қызығушылықтарын арттырады.
@mugalzhar_bilim_bolimi
