Skip to content

ҚАРТТАР КҮНІ МЕРЕКЕСІ… Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде мектебімізде қазыналы қарттарымыздың…

ҚАРТТАР КҮНІ МЕРЕКЕСІ…
Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде мектебімізде қазыналы қарттарымыздың мерекесіне арналған
«Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік шараға ардагер ұстаз Адилова Сара апай, ата-аналар кеңесінің төрайымы Жанайдарова Райса апай, ардагер ұстаз Қаламқас Қасенқызы және мектебіміздің ақылгөй аталар қауымы Ибрашев Панабек ата мен Нарынбаев Тахир аталарымыз қонақ болып қатысты. Мерекелік кешті мектеп басшысы Данагүл Дулатқызы өзінің қарттарымызға арналған жүрек жарды тілегімен ашып, өнерпаз оқушыларымыз өз өнерлерімен бөлісті. Соңында ақылы дария ата-әжелеріміз батасын берді.
@mugalzhar_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *