Қараша айының 24-сі күні " Білім беру қызметкерлерінің балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған ден қою жөніндегі іс-қимыл алгоритмі " тақырыбында «Қандыағаш қаласының № 3 мектеп-гимназия» әлеуметтік педагогі Умирзакова Ж.Ж. мен АІІБ КТЖ инспекторы Б.Қ.Қаленов педагогтермен тренинг өткізді.Тренинг барысында мектеп-гимназия қызметкерлерінің балаларға қатысты зорлық – зомбылықтың алдын алу және оған ден қою жөніндегі іс-қимыл алгоритмі оқытудың барлық нысандарындағы жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының дене және психологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталған негізгі қағидаттар, қағидалар мен рәсімдер жүйесін білдіреді.
@mugalzhar_bilim_bolimi