ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ №3 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ 100 ӘКЕЛЕРІ ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ!
Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясында «Әке – асқар тау, биік шың!» атты әкелер форумы өтті.
Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту мақсатында өткен шараға Отбасындағы әке рөлін дамытушы қозғалыстың Ақтөбе өкілі облысындағы өкілі, «Отбасы хрестоматиясының» кітаптар жинағының насихаттаушысы, Ф.Оңғарсынова атындағы №41 МГ әкелер кеңесінің төрағасы – Қазгелдіұлы Жасұлан ,Тобылбаев Еркин Темиржанович-Ақтөбе қаласы Ә.Кекілбаев атындағы #72 жалпы білім беретін орта ІТ мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі, Республикалық “Үздік педагог-2020” байқауының жеңімпазы, “Қазақстанның әкелері” Республикалық әкелер қоғамдастығының құрылтайшысы, Алтынсарин төсбелгісінің иегері, Ақтөбе қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі, «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық сыйлығының жеңімпазы, Республикалық “Біз біргеміз” еріктілер (волонтерлар) тобының Ақтөбе облысы бойынша өкілі, “Арыс-2019” қозғалысының ерікті өкілі қатысты жәнеде Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайыр, Жастар ресурстық орталығының басшысы Дәулет Серікбаев, «Даналық» мектебінің төрағасы Ғалым Дәрімбетов, мансап орталығының басшысы Руслан Бисенбин, аудандық білім бөлімінің әдіскері Амангелді Мейрлан және мектеп оқушыларының әкелері қатысты.
Форумның ашылу салтанатында сөз алған мектеп директоры Данагүл Ибрашева отанға деген сүйіспеншілік пен ұлттық тәрбие отбасыдан бастау алатынын жеткізді.
Шара барысында мектеп психологтары әкелер арасында психологиялық тренинг ұйымдастырып, әкенің отбасындағы және қоғамдағы рөліне байланысты түрлі тақырыпта талқылаулар болды. Жиында сонымен қатар, мектеп парламенті оқушыларының дайындаған сахналық қойылымы қойылып, жиналғандарды өнерлерімен тәнті етті.
Кездесу соңында АӘД пәнінің мұғалімі Дәурен Сүйіндіковтің жетекшілігімен «ЖасСарбаз» клубының мүшелері әскери жаттығу көрсетті.
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@mugalzhar_bilim_bolimi