ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ
№3 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНДА АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ
⚜️Бүгін №3 мектеп-гимназиясында алғашқы қоңырау соғылып, “ Мектебім – мейірім мекені” тақырыбында салтанатты жиыны өтті. Жиын барысында мектеп-гимназия директоры Д.Ибрашева 1-класқа қадам басқан бүлдіршіндерді және олардың ата-аналарын құттықтап, 11 класс оқушыларына жылы лебізін білдірді.
2025-2026 жылғы жаңа оқу жылында №3 мектеп-гимназиясына 1-класқа 250 бүлдіршін қабылданды! Баршаңызға жаңа оқу жылында сәттілік!
#білімкүніақтөбе2025
