Skip to content

“Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясы” КММ-нің мектепалды даярлық “Д” және “Е”…

"Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясы" КММ-нің мектепалды даярлық "Д" және "Е" кластарынан құрылған "Даналық" мектебі өз жұмысын жалғастыруда. Осы мектептің белді мүшесі Зәуреш анамыз бүгін келіп, жоспарға сәйкес балалармен бірге "ертегілер еліне саяхат" жасады. Кітапханашы Гүлжанат апайымыз Зәуреш анамызбен сұхбаттасып, қызықты әңгімелердің куәсі болды. Кездесу соңында балалар әжейге тақпақ айтып, өнерлерін көрсетті. Әжей балаларға тілек айтып, батасын берді. Класқа келгеннен кейін балалар өздерінің алған әсерлерін,көңіл-күйлерін шынайы түрде ақ қағаз бетіне түсірді. Үлкеннің бата-тілегімен өскен ұрпағымыз болашақта өзіндік орны бар тұлға болып қалыптасарына сенеміз! Данагөй қарттарымыз аман болсын, "Даналық" мектебінің әр балаға берер ақыл-кеңесі, ұлттық тәрбиесі тамырын кеңге жайсын дейміз!
Ұйымдастырған тәрбиешілер: Толекова Л және Қожанова А
@mugalzhar_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *