"Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясы" КММ-нің мектепалды "Д" және "Е" кластарында мамандық иелеріне құрмет көрсету және үлкендердің еңбегін бағалау мақсатында тақырыптық сағат өткізілді. Мектебіміздің ішіндегі өсімдікжайға саяхат жасалып, әсемдіктің символын, яғни гүлдерімізге, өсімдіктерге "өмір" сыйлап жүрген Роза апайымыздың еңбегін көрсетіп, бағалай білуге, күнұзаққа балалардың денсаулығына алаңдайтын Ұлжан апайдың еңбегін, нағыз білімнің шығар тамыры кітапханаға саяхат жасалып, Гүлжанат және Жұлдызай апайлардың еңбегімен таныстырдық және алысқа бармай-ақ, осы мектепішілік мамандық иелерінің еңбегін құрметтеуге шақырдық.
Ұйымдастырған тәрбиешілер: Толекова Л және Қожанова А.
@mugalzhar_bilim_bolimi
