"Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясы" КММ.
МАД "Е", " Д" кластары мен "Балдәурен", " Балбөбек" шағын орталық топтарында "Біртұтас тәрбиені қалыптастыру" бағдарламасы бойынша "Тыйым сөздер" тақырыбында түсіндірме сағаттары жүргізілді. Мақсаты: бала санасына кішкентайынан ұлттық мәдени дағдыларды, әдептілікті сіңіру. Балаларға тыйым сөздерді аудиожазбадан тыңдатып және іс-әрекетпен көрсеттік. Болашақ ұрпағымыздың ұлттық құндылықты біліп, оны дәріптей білуіне атсалысу біздің міндетіміз.
Ұйымдастырған тәрбиешілер:
Саршолақова К. Т, Наурызбаева М. Б, Толекова Л. М, Қожанова А. Е
@mugalzhar_bilim_bolimi
