«Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясы» КММ-да 2024 жылдың 26 ақпан күні «Баланы жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу» жұмыс жоспары аясында аясында 10 «Б» және 10 «Г» класында «Қауіпсіз мектеп ортасы. Буллинг деген не?» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: Оқушыларға ар-ұят құндылығы негізінде шешім қабылдай білу, жауапкершілікті сезіну қасиеттерін нығайту болып табылады. Сабақ басында оқушыларға тақырыпқа байланысты видео көресетілді. Видеодан кейінгі бағыттау сұрақтары қойылды. Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін? Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек? Егер сен өзің біреуді қорлап жүрген болсаң ше? Неліктен адамдар бір-бірін қорлап, қиянат жасайды? Оқушылар сұрақтарға өз пікірлерін білдірді. Оқушыларға буллингтің түрлерімен таныстырып, кибербулингтің не екенін түсіндіре отырып, жағдаяттық тапсырмалар берілді. Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін? сұрағы төңірегінде ой-пікірлерін білдіріп, дәлел келтірді. Сабақ соңында буллинг немесе кибербуллингке тап болғанда немесе куә болғанда не істеу керек, кімге көмекке жүгінуге болатыны туралы оқушыларға ақыл-кеңестер берілді.
Өткізген: Г.Б.Шагамбаева, Ш.О.Кушанбаева

