«Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясы» КММ-да 2023 жылдың қыркүйек айында 9-11 класс оқушылары және ата-аналарымен “Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын үйлестіру” тақырыбында білім бөлімінің басшысы Бахраман Қуанышұлы, мектеп-гимназия директоры Данагүл Дулатқызы, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мектеп инспекторы Бақытбек Әбсетерұлы, білім бөлімінің әдіскері Гүлшат Нұрланқызының қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушыларға құқық бұзушылық тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
@bilim_basqarmasy_aqtobe
@mugalzhar_bilim_bolimi
@police_mugalzhar