"Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясы" КММ
Балаларды ерте дамыту институты мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұны бойынша 2023 жылы құрылған Үлгілік оқу бағдарламасына ата-анамен жұмыс бөлімінде "Әжелер мектебін" құруды ұсынды. Осы орайда мектепалды даярлық "Д" мен "Е" кластарында ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінен бастап төрттік құрамда "Әжелер мектебі" құрылды. Мақсаты: отбасылық және ұлттық құндылықты бала санасына кішкентайынан сіңіру. Мектеп мүшелері тәрбиешілермен ақылдаса отырып жылдық жоспарының үлгісін жасады. Әжелерімізге сәттілік тілеп, ұрпағымыздың ұлтжанды, саналы болып ержетуіне үлестерін қосады деп сенім білдіреміз!
Тәрбиешілер: Толекова Л. М және Қожанова А. Е
@mugalzhar_bilim_bolimi
