Қандыағаш қаласының «№3 мектеп –гимназия» КММ-нің кітапхана меңгерушісі Г.К. Транова мен кітапханашы Ж.Д.Емжарованың ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында,ардақты кітапханашы Сулугул Тулеугазиевнаға арналған,«Еңбегі өлшеусіз ардагеріміз» атты мерекелік кеш өткізілді. Шараға мектеп кітапханашылары, аудандық кітапхана қызметкерлері және аудандық мұражай басшысы Ш.А.Абдирзаков келіп, құрмет көрсетіп тілектерін білдірді. Мектепішілік қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері және МАД және даярлық тобының жетекшілері өлең шумақтарын арнап,сыйлықтарын табыс етті.Ең кішкентай оқырманымыз А. А. Игілік ән шырқап,көрермендер көзайымы болды. Шара соңында қонақтарды марапаттап, құрметті қонағымызға сыйлықтар табысталды.
Жетекшілер: Самбетова. Л
Тлесова. Г
@mugalzhar_bilim_bolimi
@aktobe_bilim_basqarmasy
