Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназия КММ –да «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 24 мамыр күні 1-10 сыныптар аралғында Ақтөбе қаласының 155 жылдығына орай "Ақтөбе-әсем қала" атты жыр мүшәйрасы ұйымдастырылды. Мұғалжар аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары қонақ болып келіп, кітап көрмесімен таныстырды және оқу жылының аяқталуымен құттықтап,жылы лебіздерін білдірді. Әр сыныптан қатысқан оқушылар ақындардың Ақтөбе туралы шығарған өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды. Кеш соңында мақтау қағаздарымен марапатталды.
Мақсаты: Оқушыларды Ақтөбе қаласының тарихы туралы мәліметтермен таныстыру; Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру;
Ұйымдастырушылар кітапханашылар Г. К. Транова, Ж. Д. Емжарова
Сынып жетекшілер:
@mugalzhar_bilim_bolimi
