Skip to content

“Қандыағаш қаласы №3 мектеп-гимназиясы” КММ-да 6 желтоқсан күні “Ұстазға тағзым…

“Қандыағаш қаласы №3 мектеп-гимназиясы” КММ-да 6 желтоқсан күні “Ұстазға тағзым етейік” атты сыр-сұхбат өтті.
Сыр-сұхбат мақсаты: Ұстаздардың қадір- қасиетін түсіндіре отырып, қазіргі заманда қоғам үшін еңбек етіп жүрген ұстаздарды тану. Ұстаздар бойындағы нәзік мейірімді бағалай білуге, берген білімін ақтай білуге тәрбиелеу.
Сыр-сұхбатымыздың қадірлі қонағы Қазақстан Республикасының Білім ғылым министрінің “Құрмет грамотасының” иегері, 2011 жылы Қандыағаш қаласының “Жыл адамы” атанған №4 орта мектебінің география пәнінен білім берген ардагер ұстазымыз Гүлайым Ханкерейқызы. Сұхбат барысында Гүлайым апайдың өмірі, еңбек жолы, еңбек жолында кездескен қызықты және қиын оқиғалары айтылды.
Асыл уақытын бөліп, бізге сұхбат бергені үшін Гүлайым Ханкерейқызына алғысымызды білдіреміз.
Сұхбат алған:Мұхамбетжанова Н.М.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *