Skip to content

🎉 Қандыағаш қалалық №4 ЖББОМ мен №3 мектеп-гимназия арасында өткен…

🎉 Қандыағаш қалалық №4 ЖББОМ мен №3 мектеп-гимназия арасында өткен дебаттан жолдастық кездесу 🏫

8.12.24 күні Қандыағаш қаласының №4 ЖББОМ мен №3 мектеп-гимназия арасында өткен дебаттық жолдастық кездесу мектептің жас дебатшыларын тәрбиелеуде маңызды қадам болды. 🗣️💬

Бұл кездесу «Кіші буын оқушыларына дебат өнерін үйрету» мақсатында ұйымдастырылып, жетекшілер Кариева Г.Б. мен Мукушева Г.Н. басшылығында өтті. Оқушылар өз пікірлерін еркін білдіріп, көпшілік алдында сөйлей білу дағдыларын шыңдады. 🙌

📝 Кездесудің басты мақсаты – жас дебатшылардың ойын ұштау, ойлау қабілетін дамыту және өз пікірін дәлелді түрде жеткізе алу дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың белсенділігі мен ынтасы көрермендерді таң қалдырды!

👏 Барлық қатысушыларға үлкен рахмет! Бұл – келешек жеңістердің алғашқы қадамы!

@mugalzhar_bilim_bolimi

#Дебат #ЖасДебатшылар #Қандыағаш #Білім #КішіБуын #ДебатЖолдастықКездесуі #ҚандыағашМектептері

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *