Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясының 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында Мұғалжар аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Серік Ерекешов және Мұғалжар ауданының ТЖБ аға анықтаушысы Дәулет Ықласов қатысты.
Кездесу барысында төтенше жағдайлар бөлімінің жұмысы туралы, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың ерліктері жайлы мысалдар келтіріліп, азаматтық қорғаныс жүйесінің маңыздылығы айтылды. Ер балаларды болашақта осы салада еңбек етуге шақырды.
Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар алды.
Кәсіби бағдар беруші педагогі А.Әбентаева
@mugalzhar_bilim_bolimi
@bahraman_quanyshuly
@danaibrasheva



