Skip to content

Хабарландыру конкурс ұйымдастырушы педагог

«Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ «Қандыағаш қаласының  № 3  мектеп-гимназиясы» КММ электрондық мекен жайы shkola3.21@mail.ru телефон 8 71 333 3-50-90

2025-2026 оқу жылына бір штаттық бірлікпен бос ваканттық орынға  ұйымдастырушы педагог лауазымына конкурс жариялайды.

Айлық жалақысы 140 000-150 000 теңге

Конкурс мерзімі 7 күнтізбелік күн 

Кандидатқа қойылатын талаптар:

       1) жоғары білім туралы диплом (бейіні бойынша)

       2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *