ГИМНАЗИЯ КӨШБАСШЫСЫ⚜️
Оқушылардың өзін-өзі басқаруы – оқушылардың мұғалімдер құрамымен және мектеп басшылығымен бірге оқу үдерісін ұйымдастырудағы мәселелерді шешуге қатысуын қарастырады.
Мектеп-гимназия оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымы қызметінің негізгі мақсаты: оқушылардың мектепті басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру, жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар, шешім қабылдауға қабілетті, жауапты және тәртіпті, өз бетінше таңдау жасауға дайын және мектепте белсенді өмірлік ұстанымға ие тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.
Іріктеу кезеңінің критерийлері:
🔰Үш тілді (әсіресе қазақ тілін) еркін меңгеру.
🔰Кез-келген түрдегі ескертулердің болмауы.
🔰Тәртіптік жазаның болмауы.
🔰Соңғы 3 жылдағы білім,шығармашылық және спорттық бағыттарға қарасты сертификаттар мен грамоталар түріндегі растаулармен. (Word/Excel/Google sheets/ Ppt file)
🔰Өте жақсы оқу үлгерімі
🔰«Неліктен мен мектепшілік өзін-өзі басқарудың президенті болғым келеді?» тақырыбына уәждеме хат(3 тілдің кез келгенінде)
🔰мектепті дамыту идеяларына көмектесетін жеке қасиеттеріңізді баяндау.
ГИМНАЗИЯ КӨШБАСШЫСЫН САЙЛАУ 19 ҚАЗАН КҮНІ МЕКТЕП МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА САҒАТ 13:00 де ӨТЕТІНДІГІН ХАБАРЛАЙМЫЗ!ҮМІТКЕР БОЛЫП ТІРКЕЛУ ҮШІН ҚОСЫМША АҚПАРАТТЫ СЫНЫП ЖЕТЕКШІ АРҚЫЛЫ БАЙЛАНЫСЫП БІЛЕ АЛАСЫЗДАР!
ГИМНАЗИЯ КӨШБАСШЫСЫН БІРГЕ САЙЛАЙЫҚ!✅
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы
@mugalzhar_bilim_bolimi
