"ЕРІКТІ БОЛУ-ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚТЫҢ БІР ІЗІ"
Волонтер- әлем бойынша кең таралып, жалпы ғаламдық қозғалысқа ие болған белсенді күш екенін білеміз.Еріктілер еңбегінің еліміздің дамуына қосар үлесі зор.
Мектебімізде "Адал ұрпақ" атымен танылған шағын еріктілер тобы бар. Мереке қарсаңында осы еріктілердің біршама тобы демалыс күндерін жақсы, игі істерге арнады.
1.Үлкен қарт кісінің үйіне барып, қолғабыс тигізіп, әжейдің батасын алды.
2. Мешітке барып мұқтаж жандарға нан таратты.
3. Батыр апаларымыздың, яғни Әлия мен Мәншүк апаларымыздың ескерткішіне гүл шоғын қойды.
4. Көшедегі ер азаматтарды мерекемен құттықтап, тәтті сыйлады.
Бұл шағын топ мүшелері үнемі шараларға қатысып, белсенділік танытады. Сол үшін осы топ мүшелеріне алғысымды білдіремін.
@mugalzhar_bilim_bolimi
#ЕріктілерАқтөбеоблысы2025
#бірлікмамырақтөбе2025
