Skip to content

ЕРЕН ЕҢБЕКТЕРІҢІЗГЕ МЫҢ АЛҒЫС ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР! Ағымдағы жылдың 27 мамыр…

ЕРЕН ЕҢБЕКТЕРІҢІЗГЕ МЫҢ АЛҒЫС ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР!

Ағымдағы жылдың 27 мамыр күні Қандыағаш қаласы #3 мектеп-гимназиясына еңбегі сіңген, зейнет жасына жеткен ұлағатты ұстаздар Ишимова Алмагүл Тапашқызы, Қиянова Гүлсара Шамқызы және Балапанова Күляйым Жанғалиқызын зейнеткерлікке шығарып салу рәсімі атап өтілді. Шара барысында ұлағатты ұстаздарымыз Мұғалжар аудандық білім бөлімінің басшысының алғыс хатымен, кәсіподақ ұйымының сыйлықтарымен марапатталды. Әріптестеріміз ұлағатты ұстаздарымызға жүрек жарды ыстық лебіздерін білдіріп, ақ жол тіледі!!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *