ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК АЙЫ💡
“Адал адам – адал еңбек – адал табыс” – озық әрі табысты елге айналудың басты кілті. Мұндай пікірді Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие және қосымша білім департаментінің директоры, ф.ғ.к. Меруерт Медетбекова айтқан болатын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз жолдауында:«Келесі маңызды құндылық – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік. Өз кәсібін өте жақсы білетін, оған әбден берілген, еңбекқор адам ғана табысқа жете алады. Мен, Мемлекет басшысы ретінде азаматтардың, әсіресе, жастардың көзі ашық, дүниетанымы кең болғанын қалаймын. «Туған жерге туың тік» дейді халқымыз. Өте мағыналы өсиет. Жас ұрпақ бұл сөздің мән-мағынасына терең бойлауы қажет.Қазақстан – барша азаматтарымыздың ортақ Отаны, қастерлі мекені. Оның қай түкпірі де – біздің туған жеріміз. Жастар еліміздің барлық аймағын бірдей жақсы көріп, тұтас еліміздің дамуына үлес қосқаны абзал.
Бағдарламаның мақсаты – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.Бағдарлама ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады.
Қыркүйек айының бағдарламасы аясында мектебіміздің биылғы оқу жылында жасақталған " АДАЛ ҰРПАҚ" еріктілер мектебінің мүшелері қайырымдылық іске үлестерін қосу мақсатында " Күзгі жәрмеңке" ұйымдастырып, түскен қаражатты мектеп әкімшілігіне тапсырды.
Ұйымдастырушылар: мектеп тәлімгерлері және Адал ұрпақ еріктілер мектебі.
@mugalzhar_bilim_bolimi
#адалұрпақ
#біртұтастәрбие #еңбекқорлықжәнекәсібибіліктілікайы
