Skip to content

“ДІН МЕН ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ” ТЕОЛОГ МАМАНЫМЕН КЕЗДЕСУ Бүгін мектебімізде «Дін…

“ДІН МЕН ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ” ТЕОЛОГ МАМАНЫМЕН КЕЗДЕСУ

Бүгін мектебімізде «Дін және дәстүр» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты: өскелең ұрпаққа ислам діні мен ата дәстүріміздің сабақтастығын терең түсіндіру . Кездесуге аудандық білім бөлімінің әдіскері Шүренова Сәуле Нурланқызы мен Мұғалжар аудандық “Жастар арасындағы дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталық” КММ- ның теолог маманы Адаев Нұрлан Бақытжанұлы қатысып оқушылармен пікір алмасты.

“Ар-ұжданның ақ туын көтерген ата-бабаларымыз кейінгі ұрпағына осыншалықты кең байтақ атамекенді аман-есен жеткізді. Сонымен қатар бізге ең басты байлық – дін дәстүрлерімен өрілген теңдессіз ділімізді, ұлттық болмысымызды, салт-сана, әдет-ғұрпымызды атаның батасымен, ананың ақ сүтімен бойымызға дарытып кетті. Ендеше “жаным арымның садағасы” деп мұсылманшылықты ту еткен сол баhадүр бабаларымыздың салып кеткен сара жолынан айнымағанымыз жөн. Қоғамды ынтымаққа ұйытатын, бірлікке бастайтын құндылықтарды қадірлеуіміз қажет”-деген ойларымен бөлісіті. Кездесу барысында қоанқтар тақырып төңірегінде ой қозғап, жас ұрпаққа дәстүрді сақтай отырып тілімізді, дінімізді, тарихымызды сақтайтынымыз туралы біршама өсиеттер айтып, сауалдарға жауап берді.

@din_qogam
@mugalzhar_bilim_bolimi
@bahraman_quanyshuly
@danaibrasheva

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *