«ДАНАЛЫҚ» МЕКТЕБІ……
2023 жылдың 24 қазан күні «Даналық» мектебі жанынан құрылған «Жеңге кеңесі» қауымдастығының қатысуымен «Аналар қолөнерге баулиды» тақырыбында «Жұмсақ доп жасау» шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатын «Жеңге кеңесі» қауымдастығының мүшелері ұйымдастырушы Алмағамбетова Альбина және кәсіпкер, «Алтын сапа» тігін орталығының басшысы Сарымсақова Дәмеш өткізді.
Мақсаты: Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін көрсету. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.
@mugalzhar_bilim_bolimi