ДӘЙЕКСӨЗДІ ДӘРІПТЕУ💡
🔸Мектебімізде 11 сыныптар арасында дәйексөзді дәріптеу оқу жылының басынан челленджі өткізілуде.
🔹Дәйексөзді мектеп оқушыларына қабырғаға сурет салу арқылы дәріптеудің мақсаты — оқушылардың ой-өрісін кеңейту, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және ұлы тұлғалардың айтқан өнегелі сөздерін көркемдікпен жеткізу арқылы тәрбиелік мәні бар құндылықтарды ұғындыру. Сурет салу процесі оқушылардың дәйексөзді терең түсінуіне көмектеседі, сонымен қатар эстетикалық талғам мен шығармашылық ойлауды қалыптастырады. Мұндай әдіс арқылы мектеп оқушылары дәйексөздің мағынасын өздері сезініп, оны көркем түрде бейнелеу арқылы одан алынатын өмірлік сабақтарды жақсырақ қабылдайды.
23.12-27.12.2024 оқу аптасының қабырға дәйексөзін жазған 11 “А” сыныбына алғысымызды білдіреміз!💐
@mugalzhar_bilim_bolimi
