📚ДӘЙЕКСӨЗ НЕ ЕКЕНІН БІЛЕСІЗ БЕ?!📝
🔹«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» –ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады.
🔹«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.
Міндеттері: Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
Бағдарламаның талаптарын негізге ала отыра “Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназия” КММ бойынша тәрбие бағыты,жаңа оқу аптасын жаңа дәйексөзбен бастады.”Бала тілі бал” жас тілшілер жобасы Бисембаева Актоты Амирхановнаның жетекшілігімен 2 “Ә” сыныбының оқушылары “Асия мен Нұрлының мектептегі қызықтары” айдарында Қазақстанның халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың “БІЛІМ ҚЫМБАТ ҚАЗЫНА,ҚАНАҒАТ ТҰТПА АЗЫНА” дәйексөзін барша мектеп ұстаздары мен оқушыларына таныстырып,дәйексөздер туралы ақпарат берді. Алдағы уақытта апта сайын ұлы тұлғалардың дәйексөздері жаңарып,барлық платформаларда дәріптелінетін болады.
ЖОБА АВТОРЫ:Г.Н.Мукушева
Ал сіздер қандай дәйексөздер білесіздер?🤔⤵️
#біртұтастәрбиебағдарламасы
#аптадәйексөздері
#біртұтастәрбиеақтөбе2024
