ДӘЙЕКСӨЗ-ЦИТАТА📝
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Дана ақынның пайымынша, адамшылықтың мұратына жетудің негізгі құралы – шығармашылық ойлау. Абайдың айтуында, ой кісіге табиғат құбылыстарын ғана емес, адам өмірін талдау, қорыту, салыстыру үшін берілген. Нағыз адам мұратына жетудің екінші шартын Абай еңбек, қызмет деп есептейді. Ақын еңбек туралы да жаңа сөз айта алды. Ол қазақ қоғамында еңбек туралы жаңа түсінік қалыптастырды. Абайдың айтуынша, еңбек – жай ғана қызмет емес, адам болмысының айнасы. Еңбектің өмір сүру құралы екендігін баршаға насихаттайды. Ғылымды игеру, тану, білімді болу – табан ақы маңдай тердің, еңбектің мәні. Сондықтан ақын еңбек пен мақсатты өлеңдерінде асқақтата жырлады.
23.09-27.09.24 оқу аптасының дәйексөзі “Еңбек – жай ғана қызмет емес, адам болмысының айнасы. ”яғни хакім Абайдың бұл дәйексөзін мектебіміздің 11 “В” сынып оқушылары түлектердің арасында жолдаған челленджді жалғастырып,дәйексөзді мектеп оқушылары мен ұстаздарына жариялап танытсырды.Атап өтетін жәйт,бұл челлендж түлектер арасында 2024-2025 оқу жылы бойы жалғасын табатын болады.
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы
@medetbekovameruert
@oqu_agartu_ministrligi
@gani.beisembayev
#@aqtobe_bilim_basqarmasy
@mugalzhar_bilim_bolimi
