Бұқар жыраудың “Әй, Абылай, Абылай” және “Асқар таудың өлгені” толғаулары бойынша 9”Г”сыныбында ашық сабақ өтті.
Сабақ барысында оқушылар Бұқар жырау шығармашылығына терең үңіліп, оның ой толғамдары мен көркемдік ерекшелігін талдады. Ашық сабақ “Өнер галереясы” форматында ұйымдастырылып, әр оқушы өзін шығармашылық кеңістікте еркін сезінді.
Оқушылар “Ақындар”, “Жазушылар”, “Ғалымдар” атты үш шығармашылық шеберханаға бөлініп, әр топ өз рөлдері бойынша топтық тапсырмаларды орындады:
Ғалымдар” тобыжыраудың тарих пен әдебиеттегі орнын салыстыра отырып, оның дәуір тынысын жеткізудегі шеберлігін талдады;
“Ақындар” тобы “Ұйқас дайын болса, біз дайын” айдары бойынша Бұқар жырау стиліне сүйеніп, өз өлеңдерін жазды;
“Жазушылар” тобы жыраудың толғауларын қара сөзбен өрнектеп, ой-толғау түрінде өз көзқарастарын жеткізді.
Сабақтың келесі кезеңінде оқушылар жұптасып “Bukar Подкаст”жобасын дайындап, автор ізімен сценарий жазды. Бұл жұмыс барысында олар жырау идеяларын заманауи форматта жаңғыртып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Сабақ соңында оқушылар “Мен қалдырған із…” атты шағын рефлексия жазып, өздерінің алған әсерлері мен ой қорытындыларын бөлісті.
Жалпы, сабақ оқушылардың тарихи тұлғаға деген қызығушылығын арттырып, әдеби талдау мен шығармашылық жазу дағдыларын дамытуға бағытталды. Оқушылар белсенділік танытып, Бұқар жырау мұрасының терең мәнін өз еңбектері арқылы сезіне білді.
Пән мұғалім:А.Т.Исатай
