Бүгін 5 қыркүйек – қазақ ақыны, ғалым, ұлт ұстазы,тіл білімінің атасы, көсемсөз шебері,аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.Атаулы күнге мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері танымдық кеш ұйымдастырды. Білім алушылар ақынның шығармашылық ғұмыры туралы баяндама оқып,өлеңдерінен үзінді оқыды.Ана тілі туралы хормен ән шырқалып,”Қазақ баласы”әнімен кеш қорытындыланды.Іс-шараның мақсаты тәрбиелік-тағылымдық құндылықтарды қалыптастыруға,ана тілін құрметтеуге,елін,тілін сүйген ұлт зиялысы А.Байтұрсынұлының еңбегін дәріптеуге бағытталды.
@mugalzhar_bilim_bolimi
