Skip to content

Бүгін 23.04.25жыл күні “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Балалар кітапханасы” жобасын…

Бүгін 23.04.25жыл күні “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Балалар кітапханасы” жобасын іске асыру шарасы өтті.
Нақты шара 23-сәуір – Дүниежүзілік кітап күніне байланысты өтті. “15 минут – кітаппен” челленджі аясында бастауыш және жоғары сынып оқушылары арасынан жыл бойы үздік кітап оқыған оқырман оқушылардың кітапқа деген көзқарасын білдік. Оннан астам кітап оқыған білім алушыларымызды алғыс хатпен мараттап болашақта үлкен қадамдар жасайтын ұлы тұлға болуға тілектестік білдірілді.
Атап айтқанда 9 “А” сынып оқушысы Сағиқызы Ақерке “Гауhapтас”, “Алқызыл желкендер”, “Ньютон кім?” т.б

10 “А” сынып оқушысы Шаңытбай Жадырасын “Эверестке шығу”, “Аққан жұлдыз”, “Абай жолы”, “Махамбет”, “Қан мен тер” 1-2бөлім, “Қилы заман”, “Ұшқан ұя” т.б

4 “Ә” сынып оқушысы Дабысбай Дияс “Құстар біздің досымыз”, “Ақымақ қасқыр”, “Маугли”, “Бөдене бүйрек шалғын”, “Хачико”, “Қажымұқан” т.б

4 “Ә” сынып оқушысы Елеусін Айару “Айдаhар әміршілері” 6бөлім, “Жапалақтың күнделігі”, “Аққу қаздар”, “Бейбарыс Сұлтан”, “Қауырсын ханшайым” т.б

3 “А” сынып оқушысы Меңдібай Зейін “Күлсе, аузынан будақ гүл түсетін құс”, “Тышқанның ақылы”, “Жетім қонжық” т.б

3 “А” сынып оқушысы Теңгелбай Дәнекер “Қарша қыз”, “Бауырсақ”, “Аяз”, “Қазақ ертегілері” т.б көптеген кітаптарды оқып шыққан.
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау_облысы
#балаларкітапханасыжобасы
#15МинутКітаппен #кітаппенДосБол

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *