Skip to content

БОЗАБАЛА – БОЙЖЕТКЕН 2023 Ағымдағы жылдың 17 қараша күні,іс-шаралар жоспарына…

БОЗАБАЛА – БОЙЖЕТКЕН 2023

Ағымдағы жылдың 17 қараша күні,іс-шаралар жоспарына сәйкес мектебімізде, 9-10 сыныптар арасында “Бозбала мен Бойжеткен – 2023” жұптық сайысы өткізілген болатын.
Сайыстың мақсаты: оқушылар арасындағы шығармашылық қабілетін дамыту,ұлттық нақышты дәріптеп қазақылықты қазіргі заман ғұрыптарымен жастар арасында тоғыстыру.
Сайыс 4 кезеңнен сыналды:
1.қатысушылар арасындағы дефиле би және қазақы қанатты сөздер
2.бейне таныстырылым 2 минут құрайтын
3.жұптық өнер
4.ұлттық нақыштағы қолөнер

Сайысқа 9-10 сыныптар арасынан 7 жұп қатысып бақ сынады.Жұптарға өзінің әділ бағасын беріп,жан-жақты тұрғыда сынап жеңімпаздарды анықтаған 4 әділқазы алқасынан жасақталған болатын.Жұптардың барлығының өнерін тамашалай келе,4 орын 3 номинация бойынша мараппаталған болатын.Бас жүлдеге ие болған 1 номерлі жұп 9 “Г” сынып оқушылары Руслан Ернұр – Өтеген Аянат өздерінің жоғары деңгейдегі ата-ана,сынып жетекші және де сыныптастарымен жасаған дайындығын көрсетіп өзге жұптар арасынан суырылып барлық айналымдар бойынша жоғары деңгейде өздерін көрсете біліп лайықты түрде мараппаталған болатын.
Жүлделі 🥇 орынға 10 “ә” сынып Мажиков Али-Мақсат Раяна
Жүлделі 🥈 орынға 9 “б” сынып Жәнібек Есет-Асылбек Жаннұр
Жүлделі 🥉 орынға 10 “б” сынып Нұрғалиев Аманжан-Алпысбай Мереке
және де белсене қатысып өздерінің өнерлерін паш етіп жан-жақты болып көрінген жұптар арнайы номинациялар мен мараппаталды,олар:
“Талантты жұп”🌟 10 “Г” сынып Хакімгерей Алпамыс – Толыбаева Айнұр
“Жан-жақты жұп”🌟 9 “Е” сынып Таңбай Ринат – Құрманғазы Медина
“Белсенді жұп”🌟 9 “Ж” сынып Сарбатыров Абдул – Абдулина Дильназ
Барша қатысқан оқушыларымызға,ата-аналарына,сынып жетекшілері мен сыныптастарына алғысымызды білдіреміз!Алар асуларыңыз әлі алда,сіздердің талай биік белестерді бағындыратындарыңыз сөзссіз!Бұл сайыс сіздердің алдағы уақытқа шыңдалуларыңыздың бастамасы ғана!!!

@mugalzhar_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *