Skip to content

БІРТҰТАС ТӘРБИЕ-ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖҮЙЕСІ «Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясы» КММ-да “Біртұтас тәрбие-құндылықтар…

БІРТҰТАС ТӘРБИЕ-ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖҮЙЕСІ

«Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясы» КММ-да "Біртұтас тәрбие-құндылықтар жүйесі" тақырыпта ата -аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» мен «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» жұмысы туралы айтылды. Тәрбие беруде «Ұлттық мүдде», «Ар-ұят», «Талап» сияқты құндылықтар көрініс табуы қажеттілігін атап, ата -аналарға тәрбие процесін ұйымдастырудың маңыздылығы мен тиімділігін арттырудың жолдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының жұмысы таныстырылды. 1-4, 5-9, 10-11 сынып ата аналары үшін арнайы бағдарлама әзірленіп, сол бойынша өткізілетін дәрістердің бала тәрбиесінде кететін олқылықтарды болдырмаудың жолы екендігі айтылып, ата аналарды немқұрайдылық танытпай, дәрістерге белсене қатысуға шақырды.
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы жанынан құрылған «Даналық мектебінің» жұмысы туралы айтылды.
#БіртұтастәрбиеАқтөбе2023
@mugalzhar_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *