“БІР ТІЗБЕК – БІР ЖЕҢІС” ЭСТАФЕТАСЫ.
Қандыағаш қаласы №3 мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің “Тілім менің ғасырларға аманат” апталығы аясында 6 сынып оқушылары арасында “Бір тізбек – бір жеңіс” эстафетасы ұйымдастырылды.
Оқушылардың бірлік, ұйымшылдық қасиеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Эстафета барысында оқушылар топқа бөлініп, түрлі зияткерлік кезеңдерден өтті. Шара оқушылардың белсенділігін арттырып, достық пен бірлікке үндеді. Қатысушылар ұйымшылдықтың, өзара қолдаудың және жеңіске деген жігердің маңыздылығын түсінді.
Нәтижесінде:
🥇орын – “Сөз зиялылары” командасы
🥈орын – “Тіл жүйріктері” командасы
🥉орын – “Тіл шеберлері” командасы
Ұйымдастырушылар: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолымбетова С.Т. Амангелді А.Д.
@mugalzhar_bilim_bolimi
@bahraman_quanyshuly
@danaibrasheva
