📚”БІР КҮНГЕ БІР МАҚАЛ” ЖОБАСЫ
“Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясы” КММ-нің 2”Ә” сыныбында “Бір күнге бір мақал”жобасы 2023-2024 оқу жылының мамыр айында бастау алған болатын. Әр аптаға тақырып беріліп, апта соңында апта жеңімпаздары, әр тоқсан соңында тоқсан жеңімпаздары анықталып отырады.
Мақсаты:1.Оқушыларға мақал- мәтелдер халқымыздың қысқа әрі нұсқа даналығы, өмірден түйген қорытындысы, тұрмыс айнасы екенін түсіндіре отырып, көздерін жеткізу, орынды пайдалана білуге үйрету.
2.Мақал-мәтел арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тапқырлыққа, даналыққа тәрбиелеу, сөйлеу тілін дамытып, сөздік қорын молайту, топ алдында сөйлеуге машықтандыру.
Жоба жетекшісі: Бисембаева А. А.
Толық нұсқасын ютуб арнасынан көре аласыздар https://www.youtube.com/@BisembaevaAktoty
