ББЖМ бойынша 9-сыныптардың дайындық жоспарын жүзеге асыру мақсатында “Қандыағаш қаласы №3 мектеп-гимназиясы” КММ-нің математика пәні мұғалімі М.У.Елманова 2025 жылдың 28 наурыз күні “Қайыңды ЖББОМ” мектеп оқушыларына ZOOM платформасы арқылы онлайн сабақ өткізді. Мақсаты: "Математикалық сауаттылық" бағыты бойынша оқушыларға есептер шығартып, талдау жасады. Сабақ барысында уақытты тиімді пайдалану үшін әдіс-тәсілдер қолданылды. Тест тапсырмалары талқыланып, оқушылардан кері байланыс алынды.@mugalzhar_bilim_bolimi
