“ББЖМ -2025 “өткізуге дайындық жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында ББЖМ өтетін мектептер-Қайыңды ЖББОМ, Мұхамеджанов атындағы ЖББОМ , Елек НОМ – директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен ZOOM платформасында жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында қаралған мәселелер:
1. 4-9 кластар бойынша оқушылардың санын нақтылау;
2. Интернет жылдамдығы мен техникалық құралдардың жабдықталуы;
3. Пән мұғалімдерімен бірлескен сынама тесттер мен тапсырмаларды әзірлеу.
Жиналыс барысында аталмыш мәселелер туралы кеңінен айтылып, жұмыс жайы келісілді.
Жиналысты өткізген: Калиева Мейрамгүл Қостайбекқызы
@mugalzhar_bilim_bolimi





