Бас прокуратурада 2025 жылдың қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысы басталды
Бас прокуратурада облыстардың және оларға теңестірілген прокурорлардың қатысуымен, сондай-ақ барлық аумақтық прокуратуралардың онлайн-қосылуымен өткен кеңейтілген алқа отырысында прокуратура органдарының 2025 жылғы қадағалау қызметінің қорытындыларын талқылау басталды.
Бас Прокурор Берік Асылов Мемлекет басшысының Активтерді қайтару комитетін Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіне қайта құру туралы Жарлыққа қол қойғанын хабарлады.
Осы орайда прокуратураның рөлі — заңдылықты, ашықтықты және барлық тараптардың жауапкершілігін қамтамасыз ете отырып, теңгерімді сақтау.
Осыған байланысты Қазақстанды бүгін де, болашақта да таңдағандардың сенімі тікелей қалыптасады, — деді Берік Асылов.


