🧸БАР МЕЙІРІМ БАЛАЛАРҒА🎈
2024 жылдың 7 қараша күні «Қандыағаш қаласының № 3 мектеп-гимназиясы» КММ-да қамқоршылар күніне арналған «Бар мейірім балаларға» атты меркелік шара өткізілді. Мерекеге қамқоршылармен қатар мектептің тұрақты демеушілері қатысып, мектеп-гимназия директоры Данагул Ибрашева ерекше ілтипатын білдіріп, сыйлықтар мен Алғыс хат табыстады. Шара барысында «Алтынзер» би тобы мен мектептің «Жас домбырашылар» оркестрі ұлттық өнерден тартуларын ұсынып,бақыт пен шаттық сезімді паш етті. Дарынды оқушылардың «Қаламұш» шығармашылық тобы белгілі ақындардың мейірімділік тақырыбындағы өлеңдерін мәнерлеп оқып, лирикалық күйге баураса, ал 9 «Б» сынып оқушыларының « Жалын» театырының өнерпаздары қайырымдылық пен қаталдықтың таласы туралы көлеңкелі қойылым қойып,көрермендерін терең ойға бөледі.Кеш соңы мектептің музыка жетекшісі Сакен Нұрлыбек «Жақсылық жасап жарысайықшы» әнімен қорытындыланып,кеш қонақтары мен көрермендер ұйымдастырушыларға зор алғыстарын білдіріп жатты.
@orken_instituty
#біртұтастәрбиебағдарламасыақтөбе2023 #қамқоршыларкүні
